«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ Әуежай
«Сары-Арқа» Әуежайы» АҚ Әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсету бойынша конкурс жариялайды, атап айтқанда, әуежай пайдаланушысына кемінде 15 (он бес) шаршы метр алаңды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жалға беру.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі №501 бұйрығымен бекітілген, әуежай аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтерді көрсетуге қол жеткізу қағидаларының талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті жеткізушілер қатыса алады.
Конкурстық құжаттама пакетін 2026 жылдың «11» наурызына қоса алғанда мына мекенжайдан алуға болады:
Қарағанды қ., «Сары-Арқа» Әуежайы, Маркетинг және коммерция бөлімі, 3-қабат, сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, сондай-ақ әуежайдың интернет-ресурсынан.
Конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы «12» наурыз сағат 09:00-ге дейін.
Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу 2026 жылғы «12» наурыз сағат 11:00-де келесі мекенжайда жүргізіледі:
Қарағанды қ., «Сары-Арқа» Әуежайы, 3-қабат, Конференц-зал.
Әлеуетті жеткізушілер және олардың өкілдері (бірінші басшының қолы және мөрімен (бар болған жағдайда) расталған сенімхат ұсынылған кезде) өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатыса алады.Қосымша ақпаратты 8 (7212) 42 85 91 телефоны арқылы алуға болады.
https://drive.google.com/drive/folders/11qMxqnU8i_BecIDacOZZvfhmnGdmIHYG?usp=drive_link
